Компания өкілдері қызметтің қайта қалпына келуі үшін келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сурет: Instagram/qazpost
ERNUR.KZ. "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі 2025 жылғы 24 қыркүйекте қазақстандықтарға АҚШ-қа жіберілетін сәлемдемелерге қатысты маңызды ақпарат таратты, деп жазады zakon.kz.
Баспасөз қызметінің мәліметінше:
"АҚШ-тың Шекаралық-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне сәйкес, АҚШ-тағы алушылардың атына тауарлық сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылды. Хаттар мен құжаттарды жіберу әдеттегі режимде жалғасады".
Аталған шектеу америкалық тараптың шешімімен енгізілген және ол көптеген елдерден келетін халықаралық пошталық жөнелтілімдерге таралады.
"Қазіргі таңда Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 елдің тек 5-і ғана АҚШ-қа тауарлық сәлемдемелерді жөнелте алады", – деп қосты "Қазпошта".
Компания өкілдері қызметтің қайта қалпына келуі үшін келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Еске сала кетсек, 2025 жылғы 22 қыркүйекте АҚШ-тан келген сәлемдемені алған соң алматылық тұрғын қамауға алынғаны хабарланған еді.