​Ақсу ферроқорытпа зауытында үш жұмысшы күйіп қалды

0
142

Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік процесс барысында үш жұмыскерді күйік шалған.


​Ақсу ферроқорытпа зауытында үш жұмысшы күйіп қалды

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

ERNUR.KZ. Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілген. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады inform.kz.

Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік процесс барысында үш жұмыскерді күйік шалған. Алдын ала мәліметтер бойынша балқыту цехындағы пештен шихта материалдары ұшқан. Жұмыскерлер содан күйген болуы керек.

- Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі стационарда ем қабылдап жатыр. Ал үшіншісі амбулаториялық емдеуде.
Оазатайым оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. Компания қызметкерлерге қажетті көмекті көрсетіп жатыр,-деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметінен.
Полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.