Ақсу қаласының тұрғыны әйелін пышақтап өлтірді

0
706

Сот материалдарына сәйкес, 50 жастағы ер адам мен 39 жастағы әйел некеде тұрса да, бірге тұрмаған.


Ақсу қаласының тұрғыны әйелін пышақтап өлтірді
ERNUR.KZ. Ақсу қаласында ер адам әйелін дастарқанда бірге отырған танысынан қызғанып, пышақ ала жүгірді. Келіншек алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Сот материалдарына сәйкес, 50 жастағы ер адам мен 39 жастағы әйел некеде тұрса да, бірге тұрмаған. Былтыр желтоқасан айында екеуі Ақсу қаласындағы пәтерде кездескен. Дастарқан да жайды. Сол кезде ер адам әйелін танысынан қызғанып, келіншегіне бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел оқиға орнында көз жұмды.
Тергеу кезінде ер адам өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін жеткізді. Соның арқасында жазасы біршама жеңілдетілді. Алайда жазаны ауырлататын мән-жай да ескерілді. Ер адам қылмысты мас күйінде жасады.
Сот шешімімен ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түрмеде өтейді. Заң бойынша ондай қылмыс үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі жаза қарастырылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.