Ақсуда әйел адам бірқабатты дүкеннің шатырынан секіріп өлемін деп жұртты әбігерге салды

0
201

​Әйел адамды құтқарушылар шатырдан түсіріп алды.


Ақсуда әйел адам бірқабатты дүкеннің шатырынан секіріп өлемін деп жұртты әбігерге салды

Фото: irbistv.kz

ERNUR.KZ. Павлодар облысының Ақсу қаласында әйел адам бірқабатты дүкеннің шатырынан секіріп өлемін деп айналасындағы жұртты әбігерге салды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға туралы хабарлама 112 қызметінің пультіне келіп түскен. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Әйелге көмек көрсету үшін мамандар үш секциялы баспалдақты пайдаланды. Олар шатырға көтеріліп, әйелді қауіпсіз түрде төмен түсірді.

«Әйел одан әрі тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету үшін полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», – деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.