Елде еттің күрт қымбаттауына негіз жоқ — министрлік

0
108

Вице-министр елдегі ішкі нарықтың сиыр етімен толық қамтамасыз етіліп отырғанын атап өтті.


Елде еттің күрт қымбаттауына негіз жоқ — министрлік

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Қазақстанда сиыр етінің орташа бағасы келісіне 3 800 теңге шамасында сатылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі елде ет бағасын күрт өсіретін фактор жоқ деп есептейді, деп жазады inform.kz.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың айтуынша, министрлік ет бағасына күн сайын мониторинг жүргізеді. Астанадағы сауда орындарында баға әртүрлі қалыптасқан.
— Мысалы, Шапағат базарында сиыр етінің бағасы шамамен 3 500 теңге болса, Артемде 4 400-4 500 теңге көлемінде. Жалпы республика бойынша сиыр етінің орташа бағасы — келісіне 3 800 теңге, — деді Н. Хатепова Үкімет үйінде өткен брифингте.

Вице-министр елдегі ішкі нарықтың сиыр етімен толық қамтамасыз етіліп отырғанын атап өтті.

— Өткен жылдың қорытындысы бойынша 434 мың тонна сиыр еті өндірілді. Биыл да алғашқы 8 айда өндіріс көлемінің өскенін көріп отырмыз. Мал басы да артып келеді. Сондықтан сиыр етінің бағасы күрт өседі деп болжауға еш негіз жоқ, — деді министрлік өкілі.