Ақсуда полицей өлі табылды

0
495

Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.


Ақсуда полицей өлі табылды

ERNUR.KZ. Ақсу қаласында полиция қызметкері асылып қалды. Павлодар облысының полиция департаменті полицейдің өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"5 шілдеде сағат 23.40-та Ақсу қаласында полиция майорының мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев.

Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.

"Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері соталды тергеу барысында анықталады", - деді Орымбаев.

Басқа мәліметтер әлі хабарланбады.

Айта кетейік, "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабының санкциялары 3-5 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.