Ақтау мен Шымкент Қазақстандағы темекіні ең аз тұтынатын қалалардың қатарына қосылды

0
567

Шымкент пен Ақтау тұрғындары темекі өнімдеріне ең аз қаржы жұмсаған: бар болғаны 1,7 мың теңге және 3,1 мың теңге.


Ақтау мен Шымкент Қазақстандағы темекіні ең аз тұтынатын қалалардың қатарына қосылды

ERNUR.KZ. Халқы темекіні ең аз тұтынатын қалалардың қатарына Ақтау мен Шымкент кіреді. Ал елімізде көп темекі шегетін тұрғындар Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында тұрады, деп жазады stan.kz.

Energyprom.kz сарапшыларының статистикасына сүйенсек, елімізде үш облыстың тұрғындарын темекіні көп тұтынушылар деп атауға болады. Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылдың екінші тоқсанында әрбір үй орта есеппен темекі өнімдеріне 19,5 мың теңге жұмсаған. Көшбасшыларға қарсы үштікке Павлодар (18 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (17,7 мың теңге) облыстары да кіреді.

Шымкент пен Ақтау тұрғындары темекі өнімдеріне ең аз қаржы жұмсаған: бар болғаны 1,7 мың теңге және 3,1 мың теңге.

Жалпы алғанда, ішкі нарықта темекі өнімдерін сату бір жылда 27,1 пайызға өсіп, 15,2 млрдқа дейін артқан. Сонымен қатар, 2022 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылығының темекі өнімдеріне жұмсаған шығыны 11,2 мың теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,8 пайызға артық.

Қазан айында фильтрлі темекілер бір жыл ішінде 16,4 пайызға қымбаттады. Бағаның өсуін ең көп Шығыс Қазақстан (21,6 пайыз) және Ақмола (20,5 пайыз) облыстарының тұрғындары, сондай-ақ алматылықтар (19,3 пайызға) сезінді. Ең аз жылдық өсім Алматы облысында тіркелді: көрсеткіш 11 пайызға тең.