Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тексеру нәтижесін жариялайтынын мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Ақтау тұрғындары ауадағы өткір химиялық иіске шағымданды. Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі иістің қайдан шыққанын іздеп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.
"Кеше Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде ауадағы өткір иіс туралы хабарлағанын білесіздер. Кешеден бері облыстық экология департаменті мен "Қазгидрометтің" Маңғыстау филиалының зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің қызметкерлері ауадағы химиялық иіс көзін анықтау бойынша жұмыс істеп жатыр. Тексеру нәтижесін қосымша хабарлаймыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде ауадағы өткір химиялық иіске шағымданып жатқанын хабарланған болатын.