Ақтауда 13 жастағы ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

0
42

​Оның дрон арқылы видео түсіретіні белгілі болды.


Ақтауда 13 жастағы ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ақтауда жасөспірім ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам қолға түсті. Бастапқыда ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Оны полиция департаменті ресми түрде растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасалғаны туралы арыз 4 қарашада түскен.

«Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлімі (Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды және сот шешімімен екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция органдары қажетті тергеу және процессуалдық іс-шараларды толық көлемде жүзеге асыруда.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, арыздағы деректер тексерілуде, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Полиция мәліметі бойынша, қыз баланың жасы – 13, күдіктінің жасы – 29.