Ақтауда 16 жастағы жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады

0
858

16 жастағы қыздың мәйітінен зорлық белгілері табылған.


Ақтауда 16 жастағы жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап, мерт болды. Оқиға 2023 жылғы 10 қазанда тұрғын үйлердің бірінде болған, деп жазады zakon.kz.

Құқық қорғау органдары 16 жастағы қала тұрғынының өлімінің мән-жайын анықтап жатыр. "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша тергеу басталды, деп жазды lada.kz порталы.

16 жастағы қыздың мәйітінен зорлық белгілері табылды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.