Ақтауда әскери комиссариаттан қашып кеткен жігіт өз әрекетін түсіндірді

0
2 160

​Әскерге жаңа шақырылған жігітпен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ол бұл әрекеті үшін жауапқа тартылмайды.


Ақтауда әскери комиссариаттан қашып кеткен жігіт өз әрекетін түсіндірді

ERNUR.KZ. Ақтауда әскери комиссариаттан қашып кетпек болған жігіт өз әрекетін түсіндірді, деп жазады sputniknews.kz.

Оның қашу әрекетін сол маңайда жүрген ақтаулық видеоға түсіріп, ролиу әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Видеода жас азаматтың әскери комиссариат қақпасына қарай қашып бара жатқаны және әскерге шақыру пунктінің екі қызметкері соңынан қуа жөнелгені анық көрініп тұр.


"Әскерге жаңа шақырылғандар автобусқа отыратын шақта олардың бірі қашуға әрекет жасады. Кейінірек ол сөмкесін алуға ұмытып кетуімен түсіндірді. Бұл ісі үшін кешірім сұрады. Қашпақ болғаны үшін оған жаза қолданылмайды. Себебі, ол әлі ант қабылдаған жоқ", - деді Маңғыстау облысы қорғаныс істері департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Сейтек Шамшырақов.




Сейтек Шамшырақовтың айтуынша, "қашқынмен" түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол әскери міндетін Ақтөбе облысында өтейтін болады.

Комиссариат қақпасынан шығып үлгерген азаматты Ақтау полиция басқармасының "Сұңқар-9" патрульдік полиция батальонының экипажы қуып жетіп, қайтарды.