Ақтауда банк ғимаратында инкассатор өзін атып тастады

0
417

Марқұмның 1981 жылы туғаны нақтыланып отыр.


Ақтауда банк ғимаратында инкассатор өзін атып тастады

ERNUR.KZ. Ақтаудағы банктердің бірінің ғимаратында инкассатор өзін атып тастады, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 14-шағынауданда болған. Инкассатор 10 миллион теңгені ұрлап кетіп, артынан ғимараттың жертөлесіне жасырынған. Кейін қызметтік қарудан басына оқ атқан.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен арнайы жедел әрекет ету отряды қызметкерлері жұмыс істеп, жертөлеге кіретін есікті қоршауға алған. Марқұмның 1981 жылы туғаны нақтыланып отыр.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

"Ұрлық және өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Ақтау Полиция басқармасы қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.