Ақтауда әйелдің іш киімдерін ұрлаған ер адам іздестірілуде

0
106

Бейнежазбада ер адамның кіржайғышқа жақындап, жан-жағына қарап алған соң әйелдердің іш киімін пакетке салып, подъезден шығып кеткені көрінеді.


Ақтауда әйелдің іш киімдерін ұрлаған ер адам іздестірілуде

ERNUR.KZ. Ақтауда полиция жайылып тұрған әйелдің іш киімдерін ұрлаған ер адамды іздестірілуде, деп жазады baq.kz.

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ілініп тұрған әйелдер іш киімін ұрлап жатқан ер адамның видеосы тарады. Бұл кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсуде.

Бейнежазбада ер адамның кіржайғышқа жақындап, жан-жағына қарап алған соң әйелдердің іш киімін пакетке салып, подъезден шығып кеткені көрінеді.

Осы жағдайға өатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде. Бейнежазбаға түсіп қалған ер адамның жеке басы анықталуда. Тексеру қорытындысы бойынша оның әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Полиция азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, жеке мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қосымша ақпарат болған жағдайда 102 нөміріне дереу хабарлауға шақырады, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі.