Ақтауда көлік жөндеу орталығының аумағында ірі өрт шықты: 2 адам ауруханаға түсті

0
102

Зардап шеккендерің бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Ол – Өзбекстан азаматы.


Ақтауда көлік жөндеу орталығының аумағында ірі өрт шықты: 2 адам ауруханаға түсті

Фото: lada.kz

ERNUR.KZ. Өрттен ғимарат ішіндегі 3 автокөлік жанған, сыртта тұрған тағы 2 көлік жарамсыз күйге түскен, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қызыл жалын 150 шаршы метр аумаққа таралып үлгерген.

Тіл жау сағат сағат 10:43-те толықтай ауыздықталған. Көлік жөндеу орталығындағы өртті сөндіруге жеке құрамның 23 қызметкері мен 4 бірлік техникасы, ішкі істер бөлімінен 8 адам және 4 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығынан 4 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазір өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталып жатыр.