Оқиға орнын тексеру барысында шприц табылды.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтауда табылған бұрынғы ММА файтері Вусал Джафаровтың мәйітіне қатысты істің кейбір мәліметтерін ашты, деп жазады tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, бүліне бастаған дене 20 қыркүйекте шамамен сағат 22:30-да үйлердің бірінің артында бұталардың арасынан табылған.
"Оқиға орнын тексеру барысында шприц табылды, сондай-ақ мәйіттің шұлығынан ұнтақ зат табылды. Марқұмның бұрын тонау және бопсалау деректері бойынша сотталғандығы анықталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау ПД.
Еске салайық, бұған дейін Джафаровтың денесі Ақтаудың 3-шағынауданында қоқыс контейнерлерінің маңынан табылғандығы туралы хабарланған болатын.