Ақтауда науқас аурухана терезесінен секірмек болды

0
436

Науқас 52 жаста. Өз-өзіне қол салуға әйелімен жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам бар.


Ақтауда науқас аурухана терезесінен секірмек болды

ERNUR.KZ. Ақтауда Маңғыстау облыстық ауруханасында науқас өзіне қол салмақ болып, оны қызметкерлер құтқарып қалды, деп жазады Ulysmedia.kz.



Науқас төртінші қабаттың терезесінен секірмек болған. Алайда дәрігерлер дер кезінде жақын жерде болып, ер адамды матамен орап, аман алып қалды.

Облыстық Полиция департаменті оқиға орнына полицейлердің жеткенін хабарлады. Қазір олар ер адамды палатасында күзетеді.

Науқас 52 жаста. Өз-өзіне қол салуға әйелімен жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам бар.