Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар пәтерге терезеден кірген.
Photo : Free-Photos
ERNUR.KZ. Ақтауда 7-шағын ауданда пәтерден қартаң әйелдің мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша бірінші болып көршілері дабыл қаққан. Өйткені көпқабатты үйдің кіреберісін жағымсыз иіс алып кеткен. Тұрғындардың айтуынша, зейнеткер жалғыз тұрған. Соңғы күндері оны ешкім көрмеген.
Оқиға орнына 3 наурыз сағат 16:00 шамасында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар келген. Олар пәтерге терезеден кірген.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті марқұмның 79 жаста болғанын, биологиялық өлім екенін айтты.


