Ақтауда полиция қару ұстаған ер адамдар мінген үш автокөлікті тоқтатты

0
979

​Полицейлер деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген ер адамдардан бірнеше қару тәркіледі, тергеу жүріп жатыр.


Ақтауда полиция қару ұстаған ер адамдар мінген үш автокөлікті тоқтатты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымның жақтастары мінген автокөліктерден бірнеше атыс қаруы табылды, деп жазады sputniknews.kz.

Бір топ ер адамды ұстау операциясын экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері арнайы жасақтың жауынгерлерімен бірлесіп жүргізді.

Қару-жарақ салынған үш автокөлік Ақтаудағы 1-ші шағын ауданында жағалау маңында тоқтатылды.


"Ұсталғандардан үш шолақ мылтық, төрт травматикалық тапанша және оқ-дәрі табылды. Қазіргі таңда сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Маңғыстау облысы ПД экстремизммен күрес басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекбол Қорғанбаев.


Күдіктілер қару-жарақты қандай мақсатпен сақтағанын тергеу анықтайды.

Қазір ұсталғандар Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-тармағы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Олар екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.