Ақтауда салығы төленбеген көліктер аукцион арқылы сатылады

0
267

Ақтауда 5900-ге жуық тұрғын көлік салығын төлемей отыр.


Ақтауда салығы төленбеген көліктер аукцион арқылы сатылады

Фото: Қоғамдық коммуникация орталығы

ERNUR.KZ. Ақтауда көлік салығын төлемегендердің темір тұлпарлары жаппай айыптұраққа жабылуда. Себебі, қала тұрғындарының берешегі 586 миллион теңгеге жеткен. Осыған орай, Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қала әкімдігімен және полиция басқармасымен бірге рейдке шығып, салығы төленбеген көліктерді тексерді, деп жазады inform.kz.

- Жеке сот орындаушыларымен берешегі бар тұлғалардың банктік шоттарына бұғаттау қойылды. Көлік құралы айыптұраққа қамалып, салығы төленбеген жағдайда аукцион арқылы көліктері сатылып, берешектері өндірілетін болады, - дейді Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері.

Құзырлы органның мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда Ақтауда 5900-ге жуық тұрғын көлік салығын төлемей отыр. Олар мемлекетке 586 миллион теңге қарыз.