Ақтауда саябақтағы айналмалы әткеншек жүк көлігіне соғылып, балалардың қолы мен аяғы сынды

0
135

Оқиғаға байланысты "Сказка" аттракционы тексеру аяқталғанға дейін уақытша жабылды.


Ақтауда саябақтағы айналмалы әткеншек жүк көлігіне соғылып, балалардың қолы мен аяғы сынды

ERNUR.KZ. "Сказка" саябағында болған оқыс оқиғада балалар отырған әткеншек қасында тұрған "Газель" көлігіне соғылып, 2 бүлдіршін жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz.


Куәгерлердің айтуынша, бақылаушы әткеншектің айналасында кедергілердің бар-жоғына назар аудармаған. Аттракцион іске қосылғанда оның жанында автокөлік тұрған, нәтижесінде әткеншек балаларды көлікке соққан.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2010 жылы туған қыздың сол қолының алақаны сынған. Ал 2013 жылғы ұлдың аяғынан бірнеше сүйегі сынып, ығысқан. Бір бала ауруханаға жатқызылды, екіншісі амбулаториялық бақылауға жіберілді.

Қала әкімдігі полициямен бірлесіп парк әкімшілігі мен қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіздікті күшейту үшін қоршау биіктігі арттырылып, аттракцион аумағына автокөлік кіруге тыйым салынды. Полиция әкімшілік хаттама толтырды.

Оқиғаға байланысты "Сказка" аттракционы тексеру аяқталғанға дейін уақытша жабылды.