Ақтауда студенттер жатақханасы жылусыз қалды

0
95

Шенеуніктер нысанға жылуды қосу үшін ақша төлеу керегін айтқан.


Ақтауда студенттер жатақханасы жылусыз қалды

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Ақтаудағы студенттік жатақхана жылу желілеріне жасалған күрделі жөндеуден кейін жылытусыз қалды, деп жазады sputnik.kz.
Ақтаудағы студенттерге арналған жатақхана жылу желілеріне жасалған күрделі жөндеуден кейін жылусыз қалды. Мердігер жылу желілерін қоспаған, салдарынан 60-қа жуық студент зардап шегіп отыр.
Жатақхана директоры Баян Атшабарқызының айтуынша, шенеуніктер жылуды қосу үшін ақша төлеу керегін айтқан.
"Табиғи монополиялар туралы заң бар. Онда жылумен жабдықтаушы ұйым бізді барлық тұтынушының инфрақұрылымға тең, кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл - энергетика министрінің бұйрығы. Онда магистральдарды реконструкциялаудан кейін жылу энергиясын беруді олардың қосымша қаржыландыруынсыз барлық бұрын қосылған тұтынушы үшін қосуды бұйырады деп жазылған. Міне, мен нақты бұзушылықты көріп отырмын", - дейді Баян Атшабарқызы.
Жатақхана басшылығының есебі бойынша ғимаратқа құбырларды қосу үшін 8-10 миллион теңге керек, ал ондай ақша жоқ. Ай сайынғы табыс - ең көбі 2 миллион. Бұл ақша жалақы, коммуналдық төлемдер мен несиелерді төлеуге жұмсалады.
Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Нұрсұлтан Болатов коммерциялық нысандар жылуды өз бетінше қосуы тиіс дейді. Қалада мұндай 20-ға жуық ғимарат бар.
"Біз тек әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді тегін қосамыз", - деді ол.