Ақтауда суыққа төзімді пальма өсіріле бастады

0
847

Бұл ең алдымен соңғы жылдары климат өзгеруінің байқала бастауымен байланысты.


Ақтауда суыққа төзімді пальма өсіріле бастады

ERNUR.KZ. Маңғышлақ экспериментальді ботаникалық бағының қызметкерлері субтропикалық өсімдерді жерсіндіру сынағын жүргізіп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл ең алдымен соңғы жылдары климат өзгеруінің байқала бастауымен байланысты. Климат көрсеткіштеріне жүргізілген сараптама нәтижесіне сәйкес, соңғы 10 жылда Маңғыстауда жылдың 286 күнінде орташа температура +10 градус болып тұр. Климаттың мұндай көрсеткіші Маңғыстауда жылыны жақсы көретін өсімдік түрлерін жерсіндіруге мүмкіндік береді деген пайым бар», - делінген аталған бақтың Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.

Қазіргі уақытта бақ анар, зәйтүн, лавр, темір ағаш, магнолия, гүлшетен сынды субтропикалық өсімдіктерді жерсіндіру сынағын жүргізіп жатыр.

«Бұған қоса, бақта қыста -10 градусқа дейінгі температураға төзімді пальманың үш түрі сыналуда. Биыл 12 көшеттің екеуі ғана қысты күні шықпай қалды. Қалғандары өсіп тұр. Эксперименттік жұмыс жалғасуда», -делінген бақ мәліметінде.