​Ақтауда теңізге кете жаздаған 3 адам құтқарылды

0
1 352

Оқиға жөнінде 17.45-те хабарлама келіп түскен.


​Ақтауда теңізге кете жаздаған 3 адам құтқарылды

ERNUR.KZ.Ақтауда су ағыны үш ер адамды ашық теңізге қарай әкетіп, олар жағаға өз бетінше жете алмай қалған, деп жазады inform.kz.

4 тамыз күні үш ер адам пластмасс тақтамен теңізге шығып, өз беттерінше жағаға қайта алмай қалған. Оқиға жөнінде 17.45-те хабарлама келіп түскен.

«Бұл жағдай теңізде болған. Құтқарушылар 17:58-де оқиға орнына барып, олардың жағаға шығуына көмектесті», - деді жедел құтқару жасағының өкілі.