Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ақтаудағы төбелес кезінде зардап шеккен ер адамға ота жасалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, ота аяқталды. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды.
«Жағдайы ауыр, дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады емдеу мекемесінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, ер адам бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған, сол сияқты қан тамырларына зақым келген, бұдан бөлек травматикалық геморрагиялық шок алған.
Оқиға бүгін таңертең 7-шағын аудандағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Полицейлер күдіктіні ұстауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр.