Caspi Bitum ЖШС - Қазақстандағы жол битумын өндіретін ең ірі зауыт.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
ERNUR.KZ. Ақтаудағы Caspi Bitum ЖШС мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, деп жазады tengrinews.kz.
Таратылған мәліметке сүйенсек, өрт бүгін таңертең болған.
"6 қыркүйекте сағат 08:05-те Caspi Bitum ЖШС-де атмосфералық колоннаға апаратын құбырда өрт шықты. Өрт ошағы сағат 08:32-де зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесінің көмегімен сөндірілді. Сондай-ақ өртті оқшаулауға "Семсер-Өртсөндіруші" ЖШС және қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі қатысты", – делінген хабарламада.
Ұлттық компанияның мәліметінше, өрттен зардап шеккендер жоқ.
Анықтама: Caspi Bitum ЖШС - Қазақстандағы жол битумын өндіретін ең ірі зауыт. Мұнай өңдеу кәсіпорны тотығырылған және модификацияланған жол битумын шығарады.