Қазақстанда дәрігерлер мен студенттердің қатысуымен медициналық волонтерлік дамып келеді

0
113

Алматы облысында «Күміс дәрігерлер – қамқорлық пен тәжірибе» жобасына 22 тәжірибелі дәрігер қатысты.


Қазақстанда дәрігерлер мен студенттердің қатысуымен медициналық волонтерлік дамып келеді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастыруымен шағын гранттар аясындағы «Күміс дәрігерлер – қамқорлық пен тәжірибе» және «Jurekke Shipa: білім мен ізгілік көпірі» жобалары аяқталды, деп жазады Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Алматы облысында «Күміс дәрігерлер – қамқорлық пен тәжірибе» жобасына 22 тәжірибелі дәрігер қатысты. Бастама шалғай елді мекен тұрғындарына көп жылдық тәжірибесі бар мамандардан білікті медициналық көмек алуға бағытталған.

Жоба аясында дәрігерлерге бастапқы тексеруге қажетті құралдармен жабдықталған арнайы «волонтер сөмкелері» табысталды. Нәтижесінде ауылдық жерлерде тұратын 500-ден астам адам тегін медициналық көмек алды.

Тәжірибелі дәрігерлер ауылдағы ауруханаларда еңбек ететін жас әріптестеріне тәлімгерлік қолдау көрсетті. Олар кәсіби білімін бөлісіп, науқастарды емдеудің көп жылғы тәжірибеде қалыптасқан әдіс-тәсілдерін үйретті.

Астанада медицина студенттерін волонтерлікке тартуға бағытталған «Jurekke Shipa: білім мен ізгілік көпірі» жобасы аяқталды.

Бастамаға 200 адам қосылды. Олар елордадағы қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған пансионат тұрғындарының денсаулығын бақылауға көмектесті. Жоба болашақ медицина мамандарының алған білімін іс жүзінде қолдануына, кәсіби дағдыларын жетілдіруіне және волонтерлік жұмысқа араласуына мүмкіндік берді.