Ақтаудағы инкассатордың өлімі: Банк түсініктеме берді

0
188

Ер адам компания ғимаратында суицид жасаған.


Ақтаудағы инкассатордың өлімі: Банк түсініктеме берді

ERNUR.KZ. "Halyk Инкассация" мекемесі Ақтауда өз-өзіне қол жұмсаған инкассаторға қатысты түсініктеме берді, деп жазады baq.kz.

Ер адам компания ғимаратында суицид жасаған.

Ақтауда инкассатордың суицид жасағаны туралы ақпаратты қалалық полиция басқармасы растады. Қайғылы оқиға болған "Halyk Инкассация" ғимаратында жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу амалдары аяқталғанша жария етілмейді, - делінген хабарламада.

ЖШС мен Halyk Bank қаза болған ер адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Айта кетейік, жақында Ақтауда ақша жымқырды деген күдікке ілінген инкассатор өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады.

Полиция деректі растады. Дегенмен қылмыс орны мен ұрланған сома туралы жақ ашпады.