Бейнежазбада бір түрлі дауыстар естіледі.
ERNUR.KZ. Ақтау тұрғындары желіде жергілікті мектеп күзетшісі түсірген видеоны таратып жатыр, деп хабарлайды ktk.kz.
Бейнежазбада бір түрлі дауыстар естіледі. Мектеп күзетшісінің сөзінше, №29 мектептің ғимаратында «елес» кезіп жүр. Оның айтуынша, түнде мектептің бос ғимаратында балалардың даусы мен жантүршігерлік түсініксіз дыбыстар естіледі екен.
Автордың сөзінше, бұл уақытта мектепте ешкім болмауы тиіс.Шынымен де видеодан мұндай дыбыстар естіледі. Автор видеоны түсіріп жүріп өзі де күліп, дұғаларды оқиды. Артынша ол шошып кетті.