​Туризм саласына цифрлық сервистер мен жасанды интеллект енгізілуде – Е.Мырзабосынов

0
76

Қазақстанда туристік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасуда.


​Туризм саласына цифрлық сервистер мен жасанды интеллект енгізілуде – Е.Мырзабосынов

ERNUR.KZ. Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы сегіз тілде жұмыс істейді. Онда еліміздің туристік нысандары, гидтер, бағыттар және алдағы іс-шаралар туралы ақпарат берілген. Сондай-ақ туристік ағынды есепке алу үшін eQonaq жүйесі енгізілді. Бүгінде жүйеде 6 млн-нан астам шетелдік қонақ пен 1 млн-нан астам орналастыру орны тіркелген.

Жүйе 190-нан астам ел азаматының құжатын смартфон немесе веб-камера арқылы оқуға мүмкіндік береді. Салаға жасанды интеллектіні енгізуге де ерекше көңіл бөлінуде.

«Біз жасанды интеллектіні ең алдымен туристік қызметтерді адамның жеке қажеттіліктеріне бейімдеу құралы ретінде қарастырамыз. Мысалы, турист өзінің қызығушылығын, сапар ұзақтығын, бюджетін, бірге баратын адамдар санын және басқа да қалауларын көрсете алады. Осы мәліметтер негізінде жүйе оған қолайлы бағыттар мен туристік өнімдерді ұсынады», – деді ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.