Жатақхана ғимараты қирағаған кезде оның ішінде 10 адам болған.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында сотталушылар жатақханасы қираған жерде түсірілген видео жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.
Видео мен суреттер WhatsApp мессенджерінде таралып жатыр.
Назар аударыңыз, бейәдеп сөздер айтылады!
Еске салайық, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі 19 шілдеде сағат 17.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірінің екі қабатты ғимараты ішінара қирағағанын хабарлаған.
"Қазіргі уақытта оқиға кезінде жатақхана ішінде 10 адам болғаны анықталды, олардың 9-ы шығарылды. Нәтижесінде 2 сотталған адам алған жарақаттарынан қаза болды, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық. Мұқият тексеру үшін зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді", - деді ведомстводағылар.