Ақтөбе облысында көбелек қаптап кетті

0
730

Шілде айында Ақтөбеде шаруалар мен босалқы жерді, ауыл ішін құрт жайласа, қазір өсіп көбелекке айналған.


Ақтөбе облысында көбелек қаптап кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы аумағында шалғын көбелек қаптап кетті. Тұрғындар түнде жарыққа үймелеп, күндіз үйге кіріп жатқанын айтып, көмек сұрады, деп жазады ҚазАқпарат.

Шілде айында Ақтөбеде шаруалар мен босалқы жерді, ауыл ішін құрт жайласа, қазір өсіп көбелекке айналды.

«Қазақстан аймағында шалғын көбелектің көбеюі екі ұрпаққа, еліміздің батыс өңірінде, оның ішінде Ақтөбеде үш ұрпаққа дейін жалғасуы мүмкін. Жалпы бұл зиянкестің жаппай таралуы 8-10 жылда байқалып тұр. Шалғын көбелектің адамдар мен өсімдікке еш зияны жоқ. Тек жұлдызқұрты зиянды. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының мәліметі бойынша, 7 тамыздан бастап Ақтөбе қаласы, Мұғалжар Қобда, Алға, Мәртөк, Қарғалы, Хромтау аудандарында шалғын көбелектің жаппай ұшуы байқалып отыр. Енді тамыз айының аяғы немесе қыркүйекте қайта жұлдызқұрт шығуы мүмкін. Сондықтан жеке кәсіпкерлер, адамдардың өздері мониторинг жасап, құрт кезінде улауы керек», - деді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиев.

Ақтөбеде облысы бойынша 38 мың гектар жерді шаруалар, ал 1800 гектар жер демеушілер қаржысымен өңделді.

«Шалғын көбелектің құрты ғана қауіпті. Қазір көбелек 3-7 күн бойы ұшады. Кейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаның даму кезеңі 3-10 күн аралығында. Кейін ғана жұлдыз құрты шығады. Жұлдызқұрттың дамуы 1-4 апта аралығында. Бұл да ауа райына байланысты. Ылғалды, жаңбырлы болса дамиды, ал ыстықта өледі», - деді «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамлар әдістемелік орталығы» РММ басшысы Ғарифулла Жолаев.