Жол апаты Самара-Шымкент тас жолының 765 шақырымында болған.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында Lada жүк көлігінің астына кіріп кетті. Оқиға орнында екі адам қаза болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Жол апаты Самара-Шымкент тас жолының 765 шақырымында болған.
"DAF-XS" жүк көлігінің 44 жастағы жүргізушісі "Батыс-Жер" кемпингінен шығып, жолдың қарсы бетіне түспекші болған. Ал маневр жасағанда артта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермеген. Сөйтіп, бұрылып жатқанда "Lada-21723" маркалы көлік артына соғылған. Жол апатынан екі жолаушы қайтыс болды, тағы біреуі Ақтөбе қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді", - деді полицейлер.
Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.