Ақтөбе облысында шошқа тұмауымен ауыратындардың саны күрт өсті

0
176

Бір апта ішінде өңірде вирустық аурулармен емделушілер саны екі есеге артқан.


Ақтөбе облысында шошқа тұмауымен ауыратындардың саны күрт өсті

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында шошқа тұмауымен ауыратындардың саны күрт өсті. Бір апта ішінде өңірде вирустық аурулармен емделушілер саны екі есеге артқан, деп жазады zakon.kz.

Күн сайын ауруханаға қызуы көтерілген, қатты жөтел және бас ауруы бар 120-ға дейін науқас жеткізіледі. Жартысына жуығы ауруханаға жатқызылады.

Сол үшін уақытылы дәрігерге қаралу керек және мұндай жағдайда өзін-өзі емдеу өте қауіпті, дейді мамандар.