Ақтөбе облысында сот төрағасы ұсталды

0
1 055

Сот төрағасы күзетілетін "Ақман" мемлекеттік қорығына рұқсатсыз кірген адамдардың арасында болған екен.


Ақтөбе облысында сот төрағасы ұсталды

ERNUR.KZ. Ырғыз аудандық сотының төрағасы Бақытжан Ерлан мемлекеттік қорықта ұсталды, деп жазады sputniknews.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға алтыншы қаңтарда болған.
Облыстық сотқа Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан Ырғыз ауданы, Нұра ауылдық округінің "Ақман" мемлекеттік қорығының күзетілетін аумағына рұқсатсыз кірген адамдардың ұсталғаны туралы хабарлама түсті.
"Олардың арасында Ырғыз аудандық сотының төрағасы Бақытжан Ерлан да болған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген мәліметте.
Айта кетейік, осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбе облысындағы күзетілетін "Ақман" қорығына мемлекеттік қызметкерлердің рұқсатсыз кіргені туралы хабар тараған болатын.
Ұсталғандардың арасында Ырғыз аудандық сотының төрағасы Бақытжан Ерлан да болған екен.