Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 31 миллион теңге төленеді

0
524

Мұндай залалды арнайы комиссия мүшелері белгіледі.


Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 31 миллион теңге төленеді

ERNUR.KZ. Қаратал ауылының еріген су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына өтемақы төленеді. Оларға 31 миллион теңге бөлінді, деп жазады stan.kz.

Арнайы комиссия апаттан келтірілген залалды зерттеп, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында жұмысын аяқтады. Мамандар шығын көлемін бағалады.

"Бүгінгі таңда залал толығымен анықталды. 31 млн теңге. Бұл сома зардап шеккендерге төленеді. Олар өз күштерімен тұрғын үйді қалпына келтіруі керек. Біз де көмектесеміз, бәрін қалпына келтіреміз. Сәуір айында резервтен ақша төленеді", – деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.

Ауылдың 11 үйінің тұрғындарына 31 миллион төленеді. Мұндай залалды арнайы комиссия мүшелері белгіледі.

Осыған дейін Ойыл ауданындағы Қаратал ауылының тұрғындары су тасқыны салдарынан эвакуацияланғаны хабарланды.