Жағдайлары ауыр.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Хромтау қаласы Целинная көшесіндегі үй өртеніп, төрт адам жансақтау бөліміне түсті, деп жазады exk.kz.
Оқиға кеше түнде болған. Жеке тұрғын үйдің ауласындағы жаз үйден өрт шыққан. Қызыл жалын гаражға жетіп, ішіндегі Toyota Camry көлігі де отқа оранды. Өрт сөндірушілер жалынды екі сағатта сөндірді. Ауланың ішіндегі жеке үйді тілсіз жаудан аман алып қалды. Гараждан 50 литр тұрмыстық газ балонын алып шықты.
Алайда жаз үйдегі екі адамды құтқармақ болған үй иесі мен ұлын да күйік шалған. Яғни төрт адам аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жағдайлары ауыр.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.