Малшы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жүк көлігі атқа мінген малшыны қағып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.
17 ақпанда сағат 18:30 шамасында Түркістан облысының тұрғыны – DAF жүк автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі Ырғыз ауылы жағынан Қарабұтақ ауылы бағытында, Самара-Шымкент автожолының 1027 шақырымында атқа мінген адамды қағып кеткен.
28 жастағы ер адамның автожолдың жанында мал баққаны анықталды. Ол жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.