Қаза тапқан үңгуші 2002 жылы туғаны айтылды.
Көрнекі сурет: Tengrinews.kz
ERNUR.KZ. Дон тау-кен байыту комбинатының (ТКБК) шахтасында үңгуші қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе облысындағы шахтада сақтандыру бекітпесін орнату жұмыстарын жүргізу кезінде тау жыныстары опырылып түскен. Оқиға салдарынан үңгуші көз жұмды. Төтенше жағдай 20 қазанда болған.
"Болған оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Басшылық қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтады. Компания отбасына қажетті көмектің бәрін көрсетеді", - делінген ресми хабарламада.
Қаза тапқан үңгуші 2002 жылы туғаны айтылды.
Анықтама: "Қазхром" ТҰК" АҚ - феррохром өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі және Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушілердің қатарында. 1938 жылы Ақтөбе облысында Дон тау-кен байыту комбинатының негізі қаланды. Хром кенін өндіру және байыту кәсіпорны Оңтүстік Кемпірсай хромит кен орны базасында құрылған. Қазіргі уақытта компания бөлімшелерді жаңғырту, кен өндіру көлемін ұлғайту және ферроқорытпа өндірісін арттыру жобаларына басымдық беріп отыр.


