Чехияда 11 тонна алтын қоры бар ірі кен орны табылды

0
101

Бағалы металдың көлемі кешенді геологиялық барлау жұмыстары кезінде анықталған.


Чехияда 11 тонна алтын қоры бар ірі кен орны табылды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Чехияның солтүстік-шығысынан қоры 11 тоннаға бағаланған ірі алтын кен орны табылды, деп жазады zakon.kz.

Oxu.Az басылымының мәліметінше, кен орны Оломоуц өлкесіндегі Злати-Горы қаласының маңында орналасқан.

Бағалы металдың көлемі кешенді геологиялық барлау жұмыстары кезінде анықталған. Кен өндіруге тау-кен саласында маманданған мемлекеттік DIAMO кәсіпорны кірісуге дайын. Жылына 620 келі алтын өндіру жоспарланып отыр.

Компания 10 жыл ішінде шамамен 6,2 тонна алтын өндіріп алуды көздейді. Оның құны шамамен 870 миллион долларға бағаланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Чехия Еуропадағы ең ірі алтын қорларының біріне ие болған. Алайда орта ғасырларда бұл қорлар сарқылған.

Бұған дейін шетелдік азаматтың Қытайға құны 182 миллион теңге болатын алтын құймаларын алып өтпек болғаны хабарланған еді.