Ақтөбеде анасы мен үш баласы өлі күйінде табылды

0
200

Әйел адам 1993 жылы туған.


Ақтөбеде анасы мен үш баласы өлі күйінде табылды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 9 ақпан күні таңертең Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы жеке тұрғын үйден әйел адам мен оның үш кәмелетке толмаған баласының мәйіті табылды, деп жазады zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қайғылы жағдай газ жабдығын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан улану нәтижесінде орын алған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары анықталуда.

"Ақтөбе облысының әкімі жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрыуды тапсырды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Уәкілетті органдармен бірлесіп, комиссия тексеру жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша қажетті шаралар қабылдайды", – делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесіп, қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Ақтөбе қалалық полиция департаментінің нақтылауынша, қаза тапқандар сағат 12:00 шамасында анықталған, әйел адам 1993 жылы туған.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, трагедияның себебі табиғи газдан улану болуы мүмкін. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық шаралар жүргізілуде. Қорытынды шешім сараптамалар нәтижесі бойынша қабылданады. Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады", – деп хабарлады полиция өкілдері.