Ақтөбеде анасын өлтірген 16 жастағы оқушы қыздың ісі сотқа түсті

0
555

Мамыр айының басында қыз бен оның досы кісі өлтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.


Ақтөбеде анасын өлтірген 16 жастағы оқушы қыздың ісі сотқа түсті

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 16 жастағы қыз бен оның 19 жастағы жігіті қыздың анасын өлтірді деген айыппен сот алдында жауап береді, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді.

Құзырлы орган өкілі айыпталушылардың қылмыс жасағаны туралы тек бірнеше күннен кейін ғана айтқанын атап өтті.

Әйел өз үйінде өлтірілген. Қылмыстың себептері әлі ашылған жоқ.

Белгілі болғандай, қыз бесінші сыныптан бастап "қиын" жасөспірімдерге арналған кешкі мектепте оқып келген. Көршілері қызы мен анасы жиі ұрысып тұратынын айтқан.

Мамыр айының басында қыз бен оның досы кісі өлтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.