Ақтөбеде әскери қызметкер есірткіге мас күйде ұсталды

0
106

39 жастағы әскери қызметкерді тексеру кезінде ол қағазға оралған түйіншекті өзі тапсырған.


Ақтөбеде әскери қызметкер есірткіге мас күйде ұсталды

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Ақтөбеде майор шеніндегі әскери қызметкер есірткіге қатысты күдікпен ұсталды. Оны көшеде мас күйде байқаған, деп жазады stan.kz.

Оқиға 28 мамыр күні Ақтөбе қаласында болған. Майор Қазанғап көшесінде көзге түсті. 39 жастағы әскери қызметкерді тексеру кезінде ол қағазға оралған түйіншекті өзі тапсырған. Жасыл түсті өсімдік тектес заттың иісі болған.

Майорды ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы Ақтөбе бөлімі мен Ақтөбе қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары тоқтатқаны белгілі болды.

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша майордың есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.