Ақтөбеде автобус жүргізушілері ереуілге шықты

0
605

Жалақы алмаған 80-ге жуық жүргізуші жұмыс істеуден бас тартқан.


Ақтөбеде автобус жүргізушілері ереуілге шықты

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі көлік паркінің бірінің жүргізушілері ереуілге шықты. Жұмысшылар жалақыларын уақытылы алмағандарына наразы, деп жазады Stan.kz.

Күн сайын, көлік паркінің 140-қа жуық автобусы жолға шығады. Жалақы алмаған 80-ге жуық жүргізуші жұмыс істеуден бас тартқан. Олардың айтуынша, мәселе жалақыда. Олардың кейбіреулері әлі күнге дейін шілдедегі жалақыларын алмаған.

"Менде алимент, несие, қарыз жоқ.17 күн жұмыс істедім, бірақ әлі жалақы берген жоқ. Ақшамды ала алмай жүргеніме төртінші күн болды. Осы уақытқа дейін күніне 10 мың теңгеден 170 мың теңге алуым керек еді", - деді жүргізуші Ертай Исказин.

Автокөлік паркі өкілдерінің айтуынша, жүргізушілер жалақыларын бұрынғыдай қолма -қол төлеуді талап етуде. Мамыр айынан бастап автобустар электронды билет жүйесін енгізді, енді қызметкерлердің жалақысы банк карталарына аударылады. Алайда, кейбір жүргізушілер салықтық және басқа да қарыздарға байланысты жалақы түсетін банктік шоттарын аша алмайды.

"Электронды билет сату жүйесіне көшкен кезде кассада қолма-қол ақша болмайды. Егер жүргізушілердің банк карталары болса, біз ақша аударатын едік. Бір немесе екі жүргізуші болса бір жөн, алайда олардың 50 пайызынан астамы шот аша алмай отыр. Өйткені. олардың несие, алимент, салық қарыздары бойынша қарыздары бар. Олардың карталары бұғатталған”, - дейді көлік паркінің директоры Ақарыс Тілеулесов.

Автокөлік паркінің өкілдері қазіргі уақытта жүргізушілермен келіссөз жүргізіп жатқанын айтады. Алайд жүргізушілердің қашан жұмысқа кірісетіндері әлі белгісіз.