Ақтөбеде банкир әріптестерін алдап, бірнеше миллион теңге алған

0
864

Ақтөбенің 8 тұрғыны жәбірленуші ретінде танылды.


Ақтөбеде банкир әріптестерін алдап, бірнеше миллион теңге алған

ERNUR.KZ. Ақтөбеде банк қызметкері әріптестерін бірнеше миллион теңгеге алдады, деп жазады tengrinews.kz.

Облыс полицейлері Ақтөбедегі банк қызметкері жасаған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Ол әріптестері мен таныстарынан негізгі сомаға қосып сыйақы беремін деп 50-ден 70 мың теңгеге дейін әр түрлі сомада қарыз алып, айтқанындай қайтарған. Осылайша кредиторларының алдында белгілі бір беделге ие болып, бірнеше миллион теңгеге дейін үлкен сомада тағы қарыз алып, бірақ белгіленген мерзімде қайтармаған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Іс бойынша Ақтөбенің 8 тұрғыны жәбірленуші ретінде танылды. ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.