Оның біреуі бір жастағы бала.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының тұсында жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады Экспресс К.
Қайғылы оқиға кеше Қостанай-Қарабұтақ тас жолының бойында болған. Армения елінің есебінде тұрған Nissan Teana автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, ресейлік есептегі "Газель" көлігімен соқтығысқан.
Қатты соққының салдарынан Nissan Teana көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде көз жұмды. Оның біреуі бір жастағы бала. Ал түрлі дене жарақатын алған бес жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері аймақта 300-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 54 адам көз жұмса, 400-ден аса адам түрлі дене жарақатын алған. Соңғы екі айда жол бойында 120 апат болып, 25 адам о дүниелік болыпты. Апаттың негізгі себептері жүргізушілердің жол ережені сақтамауы.