Күртешені ұрлау сәті сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған.
ERNUR.KZ. Дүкен сатушысының айтуынша, Уәлиханов көшесі бойындағы сауда үйінде сатып алушылардың бірі манекеннен 60 мың теңге тұратын қысқы күртешені шешіп алып, орнына ескі күртешесін кигізіп кеткен, деп жазады zakon.kz.
Күртешені ұрлау сәті сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы тұрғын ұсталды. Аталған фактіге ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Дүкен қызметкерлері заттың ұрланғанын бірден байқамаған, тек қауіпсіздік камераларын көргеннен кейін көрген.