Ақтөбеде қаңғыбас иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлінді - әкім

0
482

Былтыр Ақтөбеде тиісті орган 17 500-ден астам иттің көзін жойған.


Ақтөбеде қаңғыбас иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлінді - әкім

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қаңғыбас иттерге қатысты бірқатар оқиғаларға тоқталды. Аймақ басшысы жазатайым оқиғаларға өзін кінәлады, деп жазады tengrinews.kz.

Әкім жануарларды қорғау туралы заң күшіне енгелі жұмыстың жаңа қағидаттарына бейімделіп үлгермегенін атап өтті.

"Бұл біздің кемшілігіміз. Өткен жылы 17,5 мың қаңғыбас иттерді жойып, бұл мәселені белгілі бір дәрежеде тұрақтандырған болатынбыз. Соңғы қабылданған Заңға байланысты (жануарларды қорғау туралы заңның) бұл жұмыс тоқтатылды.
Бұл мәселеде өз кінәмді жоққа шығармаймын. Біз осы заң бойынша жұмыстың жаңа қағидаттарына - аулау, зарарсыздандыру және чиптеуге көшкен жоқпыз", - деді әкім.Сондай-ақ, аймақ басшысы құтырған иттерді ұстауға 41 миллион теңге бөлінгенін, қажет болған жағдайда қосымша қаржылық инвестицияны қарастыратын айтты.
"Қаңғыбас иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлінді. Қажет болған жағдайда қосымша қаржы қарастыруға дайынбыз. Қаңғыбас иттерді бағу, емдеу мәселесі тағы бар. Оған да тиісті қаражат бөлу керек. Иттерді күтетін 2 орын бар. Олар "Ника" және ветеринариялық станция маңында орналасқан орындар. Осындай жерлердің санын арттыру көзделіп отыр", - деді олыс әкімі.

Оңдасын Оразалинның мәліметінше, келесі жылдан бастап иттерге чип тағылып, есепке алынады. Былтыр Ақтөбеде тиісті орган 17 500-ден астам иттің көзін жойған.