​Ақтөбеде қарды дұрыс тазаламаған мердігерге 4 млн теңге айыппұл салынды

0
2 420

Тазарту жұмыстарына 11 мердігер мекеме жұмылдырылған.


​Ақтөбеде қарды дұрыс тазаламаған мердігерге 4 млн теңге айыппұл салынды

иллюстрациялық фото

Қарды дұрыс тазартпасаң, айыппұл төлейсің! Ақтөбеде толассыз жауған қардан көлік қозғалысы қиындады. Коммуналдық қызмет ауыл арасы тұрмақ, облыс орталығын қардан тазартып үлгермей жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қала іргесіндегі «Ақжар-2» ауданының тұрғындары көліктерін осылай жол бойына қаңтарып қойған. Өйтпеске амалдары жоқ. Ауыл ішіне кірсе омбы қарға батып қалады. Тұрғындар ауласы мен есік алдындағы қарды тазартып жүр. Ал қыс басталғалы ауылдың басты көшелерін коммуналдық мекемелер тек екі мәрте ғана тазартқан.

"Машиналарды айтпай-ақ қояйын, мен балаларды айтамын ал. Осы жерде үш мектеп бар, «Ақжар-2»-нің. Мына үйдің балалары қармен омбылап барады соған. Главная дорога осы жер, соны тазартп қойса. Биыл қыста менің өзім көргенім екі-ақ рет қарын аршыды" - дейді тұрғын ҚЫДЫРҒАЛИ ЕСЕНҒАЛИЕВ.

Ауыл арасы тұрмақ, облыс орталығындағы көшелердің жағдайы да мәз емес. Бас даңғылды айнадай ғып тазартқанымен, қалған көшелерде омбы қарға батып, әрең жүресің.
Ақтөбеліктерге енді үйден шығарда күрек алып жүруге тура келетін секілді. Өйткені, адам жүретін жолдың бәрін қар басып тастаған.
Түскен қарды тазартудың өз тәртібі бар. Қала мен оның маңындағы ауылдарда қар жауғаннан кейін 6 сағат ішінде тазартылып болуы тиіс. Алайда, шаһарға жұмылдырылған 100 көліктің өзі үлгеретін емес. Жергілікті әкімдік осы уақытқа дейін былтырғы тендер жеңімпаздарымен жұмыс істегенін алға тартты. Ал биылғы мекемелердің жартысының қолында әлі келісім-шарт жоқ. Бірақ, әкімдік өкілі соған қарамастан, жағдайды реттейміз деп отыр.
"Тендер ойнатылып болды. 2-3 күндікте договор полный мердігер мекемелерге берілетін болады. Жартысына берілді. Жарытысына 2-3 күндікте беріледі. Ауа райының қолайсыздылыған байланысты бір тазартқан жерді екіншгі мәрте өтуге сол себептен техникалар үлгермей жатыр" - дейді Қалалық тұрғын үй-коммуналдық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Руслан Есмұханов.
Қарды дер кезінде тазартпағаны үшін мердігер компанияларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олар енді 4 млн теңге айыппұл төлейді. Қыс басталғалы қала аумағынан 200 мың текше метр қар шығарылған. Тазарту жұмыстарына 11 мердігер мекеме жұмылдырылыпты. Олар ең бірінші су басу қаупі бар аудандарды тазартады. Қалған көшелер мен тротуарлар содан кейін.