Қазір күдікті іздестіріліп жатыр.
Фото: aktobebardak04
ERNUR.KZ. Полиция тергеу жұмыстарына байланысты өзге ақпаратты ашып айтпай отыр, деп жазады inform.kz.
Ер адамның денесі Ақтөбе қаласы Сәтбаев көшесі бойындағы мектеп маңында орналасқан қоқыс маңынан табылды. Күдікті ұсталмады.
– Полиция қызметкерлері мәйіттің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


