Ақтөбеде коммуналдық кәсіпорын ашық тұрған құдық үшін көлік иесіне 940 мың теңге төлейді

0
521

Ақтөбеде жеңіл көлік Тұрғындар қалашығы ауданында келе жатып, ашық тұрған құдыққа түсіп кетті.


Ақтөбеде коммуналдық кәсіпорын ашық тұрған құдық үшін көлік иесіне 940 мың теңге төлейді

ERNUR.KZ. Автокөлікті жөндеу жұмыстарына 800 мыңнан аса қаржы жұмсалды. Көлік иесі коммуналдық кәсіпорынды сотқа беріп, істі жеңіп шықты, деп жазады Stan.kz.

"Лада Веста" көлігі түн ауа Жеңіс даңғылымен келе жатқан. Көлік жүретін бөлікте құдықтың беті ашық жатқан. Көлік шұңқырға түсіп кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін мүлік иесі оны жөндетуге 848 мың теңге жұмсапты. Құдық "Aqtobe suenergy group" АҚ балансына қарайды.

Әкімшілік сот бақылау құдықтарын ұстау ережесін бұзғаны үшін кәсіпорынға айыппұл салды. Ал көп ұзамай зақымдалған көлік иесі "Aqtobe suenergy group" АҚ-тың үстінен сотқа шағым түсірген.

Азаматтық сот әйелдің пайдасына шешілді. Судья Қалмұхамбетов "Aqtobe suenergy group" АҚ-ты арыз берушіге көліктің жөндеуіне 848 мың теңге, мемлекеттік баж салығы үшін мың теңге және өкілдің шығындар үшін 84 мың теңге төлеуге міндеттеді. Жауапқа тартылушының жалпы берешегі 940 мың теңгені құрады.